Қытай билігі ғылымға қыруар қаржы бөлуге мәжбүр
Қытай билігі ғылымға қыруар қаржы бөлуге мәжбүр
1 жыл бұрын 878 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай халық республикасының Америка құрама штаттарымен технологиялық текетіресі өз кезегінде Қытай билігінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын қаражатты арттыруға итермелеген. 2022 жылы бұл бағыттағы шығын 10,1 пайызға өсіп, 3 триллион юанға (шамамен 418,2 миллиард доллар) жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ҚХР-дың мемлекеттік стаитискалық басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғылыми жобаларға жыл сайынғы шығын Қытайдың жалпы ішкі өнімінің 2,54 пайызын құрады (2021 жылмен салыстырғанда 0,11 пайызға көп). 2022 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың басым бөлігі (84 пайызы) кәсіпорындардың инвестициясы есебінен қамтамасыз етілді. Іргелі зерттеулерге жұмсалған инвестиция 200 миллиард юан немесе шамамен 28,1 миллиард долларды құрады. Бұл инвестициялар барлық ҒЗТКЖ шығындарының 6,7 пайызын құрады. Статистикалық кеңсе 2022 жылы ҚХР-дың 12 әкімшілік бөлімшесінде ғылыми жобаларға жұмсалған қаржы 100 миллиард юаннан (14 миллиард доллар) асқанын алға тартып отыр. АҚШ-пен арадағы чип соғысына байланысты ел билігі жартылай өткізгіштер секторына 40 миллиард доллардан астам қаражат тарту үшін жаңа мемлекеттік инвестициялық қор құруды мақұлдады. Қаражаттың негізгі бөлігі чип өндіруге арналған жабдықты әзірлеуге жұмсалады. Бұған қоса,  «Мың таланттар» бағдарламасы деп аталатын бағдарламаны қайта жандандырды, оның аясында шетелде кәсіби дайындықтан өткен ғылыми және жоғары технологиялық салалардағы жоғары білікті мамандарды тартуды мақсат етеді.

0 пікір
Мұрағат