Қытай билігі Apple-ден Құран оқуға арналған қосымшаны алып тастады
Қытай билігі Apple-ден Құран оқуға арналған қосымшаны алып тастады
3 жыл бұрын 2186 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Apple компаниясынан әлемдегі ең танымал, қасиетті Құран оқуға арналған қосымшаны қытайдың App Store-сінен (App Store —деректерлі құпия ұстайтын сенімді әрі қауіпсіз қосымша – ред.) алып тастауды талап етті әрі талабын орындатты. Бұл жайында islam.kz порталы BBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. App Store-дегі Quran Majeed қосымшасы күллі әлемге ашық әрі 150 мың лебіз білдірілген танымал қосымша. Осылайша аталмыш компания Қытай халық республикасының ресми тұлғаларының талабы бойынша аталған қосымшаны жауып тастады «заңсыз діни мәтінде жариялағаны үшін». Қытай билігі бұл жайтқа қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр. Ал Apple компаниясының өкілдері іштей келіспесе де жергілікті заңнан аттап кете алмайтынын алға тартып, ақталып отыр. Қытай коммунистік партиясы исламды елдегі діндердің бірі ретінде мойындағанымен елдегі мұсылмандарға қысым көрсетіп келеді. Бұған Шыңжаң автономды аймағындағы ұйғыр мұсылмандардың қуғын-сүргіні ғана емес, ел аумағындағы азшылықты құрайтын өзге де мұсылман этностарға қатысты саясатынан, дәлірегі, мешіттердің дәстүрлі келбетін өзгерту, ислами құндылықтармен байланысты атауларды ауыстыру, т.б. әрекетінен байқайсыз.

0 пікір
Мұрағат