Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр
Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр
4 жыл бұрын 2782 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Rhodium Group компаниясының таяуда бұл тарапта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қытай атмосфераға парникті газды бөлуе әлемдегі барлық дамыған мемлекеттердің ауаны ластау деңгейінен асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы bnnbloomberg.caақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың есебінше, атмосфераға бөлінген ең зиянды алты газ түрі, соның ішінде көмірқышқыл газы мен метан әне азот оксиді бар, 2019 жылы Қытайда 14,09 млрд тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің жиынтық көрсеткішінен 30 млн тоннаға артық. Америкалық климатты зерттеу Нью-Йорктегі тобының келтіріп отырған мәліметі осындай. Осы орайда Қытай билігі атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының деңгейін 2060 жылға қарай нөлдік деңгейге дейін түсіруді алдына мақсат етіп қойғанын айта кетпекпіз. Қытайдың атмосфераны ластау үлесі әлемдік көрсеткішке шаққанда 27%-ды құрап отыр. Ал бұл тарапта екінші орыннан көрінген АҚШ - 11%, халқының саны көп әрі зиянды қалдықтарды бөлуде көш бастаған өндірісі де қарқынды дамып келе жатқан Үндістан алғаш рет бұл тарапта Еуропалық Одақты артқа тастап, әлемдік жиынтық көрсеткіштің шамамен 6,6%-н құрап отыр. Әлбетте, Қытай халқы көл-көсір болғананымен ан басына шаққанда атмосфераны ластау деңгейі АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер индустриялық кезең басталған 1750-ші жылдан бері Қытайдың бүгінгі деңгейіне қарағанда атмосфераға 4 есе көп парникті газбен ластаған екен.

full image

Embedded Image

0 пікір
Мұрағат