Қытай баламалы энергия бойынша әлемде көшбасшы атанды
Қытай баламалы энергия бойынша әлемде көшбасшы атанды
6 ай бұрын 722 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Reuters

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Global Energy Monitor (GEM) ұйымы келтірген дерекке жөн сілтеген The Guardian  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Есепке сәйкес Қытайдағы жел және күн электр стансаларының құрылыс көлемі әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда екі есе дерлік көп. GEM сарапшылары Қытайда қуаттылығы тиісінше 180 және 159 гигаватт күн электр стансалары мен жел электр стансаларын салу жоспарланып отырғанын хабарлады. Салыстырмалы түрде айтсақ, АҚШ-тағы күн электр стансалары небәрі 40 гигаватт энергия өндіруге қауқарлы. Дегенмен, зерттеушілер қуаттылығы 20 мегаватт немесе одан да көп күн электр стансаларын ғана қарастырды, яғни, ескерген. Яғни, Қытайдағы күн энергиясының жалпы көлемі бұдан да әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені, шағын стансалар жалпы энергияның шамамен 40 пайызын қамтамасыз етеді. Бұл тараптағы зерттеуде, сонымен қатар, 2023 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың наурызына дейін Қытайдың алдыңғы үш жылдағыдан көбірек күн қондырғыларын орнатқаны айтылды. Қытай аумағында орнатылған күн қондырғыларының көлемі әлемнің қалған бөліктерін біріктіргеннен де көп. Global Energy Monitor сарапшыларының айтуынша, жаңғыртпалы энергия көздерінің стансаларының Қытайда өркендеуінің басты себебі – мемлекеттік қолдау. Дегенмен, Қытайдың электр желісі көмірге тәуелді болып қала береді. GEM сарапшылары өсіп келе жатқан таза энергия көлемін тиімді пайдалану үшін елге жетілдірілген сақтау жүйелері мен желінің қажет екенін атап өтті.

0 пікір
Мұрағат