Қытай аумағынан газ кеніші табылды
Қытай аумағынан газ кеніші табылды
5 ай бұрын 675 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: China National Offshore Oil Corporation

Қытайдың China National Offshore Oil Corporation (CNOOC) компаниясы Оңтүстік Қытай теңізінде табиғи газ кен орнын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басылым бұл жаңалықтың маусым айында ашылғанымен тек осы аптада ғана аталмыш кен орнын Қытай билігі тіркегенін атап өтті. Ол Хайнан аралының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіздің осы аймағында судың орташа тереңдігі - 1,5 шақырым, ал газды бассейн теңіз түбінен 210 метр төмен жатыр. Кен орны Lingshui 36-1 деп аталды. Алдын ала бағаланған табиғи газ қоры 100 миллиард текше метрден асады. Сынақ барысында бұл жерден тәулігіне 10 миллион текше метрге дейін табиғи газ өндіруге болатыны анықталды. Жаңадан ашылған газ қорлары, сонымен қатар, теңіздегі Хайнан аралы мен Перл өзенінің сағасындағы кен орындарын қамтиды. Қытайдың жалпы ашылған табиғи газ қорын 1 триллион м³-ден асады. Қытай әлемдегі ең ірі газ тұтынушыларының бірі. Бұл мемлекет газ импортының ауқымы бойынша әлемде бірінші орында тұр. Мәселен, 2023 жылы Қытай 120 миллион тоннаға жуық сұйытылған және құбыр газын сатып алды. Жаңа кен орындарының ашылуы елдің шетелдік газға деген тәуелділігін азайтуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат