Қытай аумағынан аса ірі алтын кені табылды
Қытай аумағынан аса ірі алтын кені табылды
1 ай бұрын 595 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Қытай аумағынан, дәлірегі, елдің орталық бөлігінде орналасқан Хунан провинциясынан алтын қоры мол кен орны табылды. Бұл жайында islam.kz порталы eadaily.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған провинцияның геологиялық басқармасының дерегі бойынша табылған алтын кеніндегі қор шамамен 82,8 млрд долларға бағаланып отыр. Мұқият жүргізілген геологиялық зерттеулер нәтижесінде екі мың метрден астам тереңдікте бір-бірен оқшауланған 40-тан астам алтын арналары анықталды. Әсіресе, 300,2 тоннадан астам алтын кені қоры тіркелген негізгі геологиялық барлау ауданы геологтардың назарын өзіне аударған. Бұл ретте кендегі алтынның ең көп мөлшері тоннасына 138 граммды құрады, бұл көрсеткіш кен орнының жоғары деңгейде байытылғанын көрсетеді. Геологтардың болжамынша мұндағы алтын қоры бұдан да көп болуы мүмкін: үш мың метр тереңдікте 600 млрд юанға бағаланатын қор табылып қалу ықтимал.

0 пікір
Мұрағат