Қытай Ауғанстанға әскерін кіргізетін болды
Қытай Ауғанстанға әскерін кіргізетін болды
6 жыл бұрын 5221 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай Ауғанстанның солтүстік-шығысында орын тепкен Бадахшан провинциясында әскери базасын салуға кірісті. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, бұл базаның құрылысы аяқталған соң Қытай билігі  кем дегенде мұздай қаруланған бір батальонын (шамамен 500 сарбаз) ауған аумағына кіргізуге дайын. Ауған жеріндегі қытайлардың әскери обьектісі Уаһан дәлізінде, дәлірегі, Тәжікстанмен, Пәкістанмен, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен шектесетін, 300 шақырымға созылған жердің тар жолағында орналасады. Осылайша Қытай бір оқпен екі емес, төрт бірдей қоянды атып алмақ. Яғни, аталған елдердің шекарасын және Синьцзян провинциясын бақылауда ұстап қоймай, ауғанр жеріндегі америкалықтардың ықпалына қарсы қалқан тұрғызады. Естеріңізге сала кетсек, бұрын да ауған жерінде қытайлардың әскери базасы туралы ақпарат таратқан болатынбыз. Алайда, Қытайдың қорғаныс министрлігі бұл мәліметті теріске шығарған еді. Соңғы жылдары Қытай билігі Ауғанстан үшін 70 млн доллардас астам қаражатын шығын еткен. Әлбетте, бұл қаржының қайтарымы болуы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, бұл ақпаратты да Қытай билігі растамай отыр. 

0 пікір
Мұрағат