|
Қытай Ауғанстанды құрғақшылықтан құтқаруға атсалысады
|
Қытай Ауғанстанды жайлаған құрғақшылықтан өнімнің бітік шықпауына байланысты азық-түлік тапшылығын жоюға атсалысады. Яғни, азықтай көмектеседі. Нақтырақ айтқанда, аталған елдегі Қытай елшісі Лю Цзиньсун мәлім еткендей, көп ұзамай ауған халқына 3012 тонна күріш және 816 тонна ұн жеткізеді. Қытай тарапынан гуманитарлық көмек Ауғанстанның тәліптер қозғалысы да, ресми билік те бақылау жүргізетін аумақтарға көрсетілетін болады. Стстистикалық мәлімет бойынша дәл қазіргі уақытта аталған елдің құрғақшылық жайлаған 20 провинциясынан 1,4 млн-нан аса адам гуманитарлық көмекке аса мұқтаж. Жыл соңына қарай құрғақшылық зардабын тартатын ел тұрғындарының қарасы 3 млн-нан асып түсуі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты
■
Күн стансалары шөл далаға “жан бітірді” (видео)
■
Араб елі отаршылдықты қылмысқа жатқызатын заң жобасын талқылап жатыр
■
Цифрлы технология мұсылман елінің экономикасына серпін берді