Қытай алғаш рет қашықтан басқарылатын робот танкті көрсетті (видео)
Қытай алғаш рет қашықтан басқарылатын робот танкті көрсетті (видео)
7 жыл бұрын 13882 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай соңғы жылдары әскери әлеуетін технологиялық жетістіктермен толықтырып, ұдайы жетілдіріп келеді. Әскери мамандардан бастап, әскери техникалар мен қару-жараққа дейін модернизациялап жатыр. Соның бір көрінісі ретінле алғаш рет қашықтан басқарылатын, яғни, жасанды интеллекті жадысымен жабдықталған танкісін сынақтан сәтті өткізіп жатыр. Аталған елдің мемлекеттік теледидар эфирінен робот бронемашина жұртшылықтың назарына ұсынылды. Тарқатып айтқанда, қытайдың әскери инженерлері кезіндегі КСРО-да құрастырылған Т-54 танкісінің негізінде жасалған. Мұндай танкілер өткен ғасырда, яғни, 1950-80 жылдар аралығында жаппай шығарылған болатын бұл елде. Бұл әлі соңғы нұсқасы емес: алдағы уақытта жасанды интеллекті жадысымен жабдықталған танкілер осы заманғы платформамен жұмыс істейтін болады, спутниктен ақпарат алу тетігімен жабдықталуы мүмкін. Яғни, әлі де жетілдіріледі. Әскердің санынан гөрі сапасына ерекше басымдық беріп отыр. Бұл туралы кезінде жан-жақты хабарлаған болатынбыз. Естеріңізде болса, кванттық физика, т.б. салалардың жілігін шағып, майын ішкен мамандармен толықтырып, әскер қарасын 300 мың адамға дейін қысқартатынын да мәлім еткен едік. 

 

0 пікір
Мұрағат