|
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
|
Әлем бойынша атмосфераға ең ірі мөлшерде CO ₂бөлетін Қытай 2025 жылы энергияға сұраныс пен оны тұтыну деңгейінің артқанына қарамастан алғаш рет қазба отынды жағудан ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының азайғанын тіркеді. Ресми статистикаға сәйкес энергетика мен өнеркәсіптегі атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар мөлшері 0,3% -ға азайды, ал электр энергиясын жалпы тұтыну көрсеткіші 3,5% -ға өкен. Қытай мұндай жетістікке жаңғыртпалы энергия көздерін жаппай қолдану арқасында қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы pv magazine сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы «жасыл» энергияның негізгі өсімі күн генерациясының есебінен орын алып отыр. Яғни, күн энергиясы энергетикадағы өсімді қамтамасыз етті және энергия өндіру үшін пайдаланылатын көмірдің мөлшерін қысқартуға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, 2025 жылы Қытайда электр энергиясын өндіруде жаңартылатын көздердің үлесі 40% -ға жетті (бір жыл бұрынғы 37% -бен салыстырғанда), бұл ретте күн энергетикасы осы өсімге барынша үлес қосты. Жаңартылатын энергетиканың қосылған қуаты электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, көмір стансаларындағы өндірістің сәл болса төмендеуіне алып келгенін тағы да атап өтейік. Сарапшылардың атап өтуінше, Қытай көмір электр стансаларын буфер режиміне көшіруде, олар тек қана сұранысты артқанда пайдаланылады немесе жел мен күн энергиясының өндірілуіндегі ақаулар мен олқылықтардың орнын толтыру үшін пайдаланылады. Яғни, көмір бұдан былай негізгі емес, қосымша, резервтегі энергия рөлін атқарады.