Қытай әлемнің әр түкпірінде әскери база салуды жоспарлап отыр. Нендей мақсатпен?
Қытай әлемнің әр түкпірінде әскери база салуды жоспарлап отыр. Нендей мақсатпен?
7 жыл бұрын 3466 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жоғарыдағы суретте Қытайдың әлемнің әр түкпіріндегі әскери базалары

АҚШ-тың әскер ведомствасының баяндамасында Қытайдың шетелде әскери база желісінің құрылысына кірісуге дайындалып жатқаны айтылыпты. Қытайдың мұндай әскери базаларының бірі Пәкістанда салынады. Қытай билігі Африка елдерінің басшыларымен бекіткен келісім аясында өзінің Әскери теңіз күштерін материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтайтын бір базаны Жибутиде салып үлгерген. Ал Пентагон мәліметіне сүйенген Азаттық ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, Пәкістан 2011-2015 жылдар аралығында Қытайдың қаруының жартысына жуығын бір өзі экспорттаған. Өткен жылы Қытай Пәкстан билігімен сегіз суасты кемесімен жабдықтау туралы келісімге келген болатын. Қытайдың шетелдегі әскери базасының құрылысы "Жаңа жібек жолы" жобасын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш әрі аса ауқымды жоба бойынша Азия, Африка және Еуропа елдерінің сауда-экономикалық байлагысын жандандыруға мүмкіндік беретін айлақтар, теміржол бекеттері, т.б. салынады. Яғни, "Жаңа жібек жолы" жобасының инфрақұрылымына әскери базалардың не қажеті бар? Жауабы: аталмыш жоба коммуникациясы қорғауда және сақтауды қажет етеді. Қытай билігінің жауабы осындай. 

0 пікір
Мұрағат