Қытай әлемдегі ықпалын арттыру үшін тағы бір стратегиялық қадамға барды
Қытай әлемдегі ықпалын арттыру үшін тағы бір стратегиялық қадамға барды
7 жыл бұрын 5198 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі әлемде өзінің құндылықтарын насихаттауды және осылайша ықпалын арттырып, мәдени экспанциясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ақпарат заманында ешкімге есесін жібермеу үшін «Қытай үні» деп аталатын бренд қалыптастырмақ. Осы мақсатта аса ірі үш мемлекеттік медиа компанияның біріктірмек. Атап айтқанда, Қытайдың орталық теледидарын, Қытайдың халықаралық радиосын және Қытайдың ұлттық радиосын. Бұл жайында Global Times ақпарат көзі хабар таратты. «Алда тұрған қайта құрылымдаудағы негізгі мақсат Қытай компартиясының рөлін бекітуге, партиялық және мемлекеттік басқаруды біріктіре отырып, еліміздің саяси жүйесін оңтайландыруға саяды»,- деп мәлімдеді қоғамдық ғылымдар академиясының саясаттанушысы Фэн Юэ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілетін мониторинг қызметін жандандырылмақ әрі онымен жуырда құрылған мемлекеттік қадағалау комиссиясы айналысады.

Десе де, «жұмсақ күш» ұғымы қытайлардың сыртқы саясаттағы стратегиясын айқындайтын терминге айналып отыр. Тек экономикалық мүддесін жүзеге асыруды қанағат тұтпаған алып ел ақпарат майданында да есе жібермеуді ойластырып отыр. Өйткені, қытайларға қарсы әлемде ақпараттық шабуыл күшейіп келеді. Бұған қоса, коммунистік идеяны желеу етіп, ел аумағындағы азшылықты құрайтын мұсылмандарға қысымды күшейтуі де қытайлардың жағымсыз имиджін қалыптастырып отыр.

0 пікір
Мұрағат