Қытай әлем қоқысы бойынша үстем держава мәртебесінен бас тартады
Қытай әлем қоқысы бойынша үстем держава мәртебесінен бас тартады
4 жыл бұрын 2772 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай биылдан бастап болат темірден өзге қатты тұрмыс қалдықтарының импортынан толық бас тартады. Бұл жайында islam.kz порталы Қытайдың қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәлімдемесін алға тартқан Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың өз аумағында жыл сайын 4 млрд тонна  қоқыс жиналады, бұған қоса, сырттан тасымалдайды, яғни, шетелден импорттайды. Бір ғана АҚШ-тан Қытайға жылына 13 млн тоннадан аса маклатура, жарты млн тоннадай пластик тасымалданады екен, Еуродан да осы шамада қоқыс Қытайға жыл сайын тасымалданады. Қытай өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап екінші шикізат көзі ретінде пластмасса, қағаз, металл, т.б. импорттап келеді. Осылайша Қытай әлемде қатты тұрмыс қалдықтарын импорттайтын держава атанды. 2016 жылы Қытай әлемнің елдерінің жартысындағы қатты тұрмыс қалдықтарынан көп қоқысты импорттаған екен. Қоқыс Қытайдың экономикалық дамуына ықпал еткен факторлардың біріне айналды. Яғни, қытай кәсіпорындары қоқыстың арқасында шикізат тапшылыған құтылды. Алайда, пышақтың екі жүзі болатыны секілді Қытай экологиясы сын көтермейтін деңгейге жетті. Өйткені, кәсіпорындардың дені қоқысты өңдеуден, жоюдан қашты. 2017 жылғы жаппай тексеру кезінде қытай кәсіпорындарының 60-дан астамы қоршаған ортаны қорғау талаптарын өрескел бұзғаны анықталды.

0 пікір
Мұрағат