|
Қытай алдағы үш жылда жаңаратын энергия көздеріне $360 млрд жұмсамақ
|
Қытай билігі 2020 жылға дейін жаңаратын энергия көздеріне 360 млрд доллардан астам қаржы жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік энергетикалық басқармасы жариялаған баяндамада айтылды. Ведомство мамандарының есебіне сәйкес, энергетиканың аталмыш секторын кеңейту елде қосымша 13 млн жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Құжатта анағұрлым маңызды бағыттардың бірі гидроэнергетика (2020 жылға қарай қытайлық ГЭС-тердің жалпы қуатын 380 мың МВт-қа дейін арттыру жоспарлануда), жел стансылары (қуаттылық 210 мың МВт-қа дейін күшейтіледі), күн қондырғылары (110 мың МВт-қа дейін), биотехнологиялар (15 мың МВТ-қа дейін) екені жазылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады