Қытай әйел және үнді азаматы асырап алған қызына ислами тәрбие беріп өсірген
Қытай әйел және үнді азаматы асырап алған қызына ислами тәрбие беріп өсірген
2 жыл бұрын 1035 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзияда 83 жастағы қарт педагог Мәуліт айында асырап алған қызына ислами тәрбие беріп өсіргені үшін мемлекеттік марапатқа лайықты деп танылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зейнет жасындағы бұрынғы балалар бақшасының тәрбиешісінің тегі қытай әрі мұсылман емес. Осыған қарамастан  осыдан аттай 20 жыл бұрын тегі мұсылман жаңа туған шарананы бауырына басып, оны ислам құндылықтары бойынша тәрбиелеген. Бүгінде тек мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасына таңылған ол осы еңбегі үшін Малайзияның мемлекеттік наградасымен марапатталды. Сөз орайы келгенде мұндай жағдай таяуда Үндістанда да орын алғанын айта кетпекпіз. Кералы штатына қарасты Каларипарамбу шағын елді-мекенінде тұратын Маданан есімді үнді наным-сеніміндегі азамат үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген мұсылман қызын 13 жасында асырап алған екен. Ол жетім қызды өзінің наным-сеніміне кіргізбей шариғат талаптарына сәйкес тәрбиелеген әрі ұзатқан, яғни, құтты орнына қондырған. Тіпті, үйінде қыздың намаз оқуы үшін арнайы орын бөліп, бар жағдайын жасап қойған. Ол ол ма, қасиетті Рамазан айында қыздың сүйікті асын әзірлеп, ауыз аштырған. Қыз өзі ұантқан Әкбар есімді мұсылман жігітке ұзатып, үйлену тойының шығынын өзі көтерген. Сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған материалдарымыздан өздеріңіз де білесіздер, Үндістанда исламофобиялық құбылыстың етек алғанын. Міне, мұсылмандарға жауыға қарайтын осындай елде мұндай батыл қадамға барған үнді азаматының әрекеті бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады.

Бабушка-героиня

Ши Хой Ланның ммарапатталу сәті 

Индуист воспитал девочку-мусульманку по шариату

Үнді азаматының асырап алған қызы мұсылманша тәрбие алған

0 пікір
Мұрағат