Қытай 600 млн саяхатшыны инфекциялық аурулар бойынша тексерген
Қытай 600 млн саяхатшыны инфекциялық аурулар бойынша тексерген
3 ай бұрын 557 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы бес жылда Қытайдың кеден қызметі халықаралық айлақтарда 600 млн саяхатшыны тексеруден өткізген екен. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сақтық шарасына Covid-19 пандемиясымен күрес себеп болған. Осы уақыт ішінде кеденшілер Қытай шекарасында инфекциялық аурулардың 180 000-ден аса адамның жұқпалы індетке шалдыққаны анықталған. Қытайдың кеден агенттігі бас директорының орынбасары Жао Женлен шекараны басқаруға арналған алқалы жиында осындай мәлімет келтірді. Бейжің өз экономикасына серпін беру үшін сырттан келетін туризмді жандандыруға және шетелдік инвестицияларды тартуға ұмтыла отырып, сақтық шарасын жүргізеді. «600 миллионнан астам саяхатшы және 300 миллионнан астам көлік құралы мен кемелер тексерілді, нәтижесінде 5,25 миллион адамның түрлі ауру тасымалдайтындығы анықталды, осылайша қытай шекарашылары трансмиссиялық аурулардың 30-дан астам түрінің ел аумағына енуіне жол бермеді», - деп мәлімдеді лауазымды тұлға.

0 пікір
Мұрағат