Қытай 5 жылда дамушы елдердің 5000 қауіпсіздік күштерінің қызметкерін дайындайды
Қытай 5 жылда дамушы елдердің 5000 қауіпсіздік күштерінің қызметкерін дайындайды
2 жыл бұрын 870 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Tyrone Siu / Reuters

Қытай бес жыл ішінде дамушы елдерден қауіпсіздік күштерінің 5000 қызметін дайындайды. Бұл жайында islam.kz порталы Гонконгта жарық көретін South China Morning Post (SCMP) мерзімді басылымына (scmp.com сайты) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, шетелдік мамандарды күштік құрылымға тән дағдыларға машықтандыру бағдарламасы Қытай билігі ұсынған жаһандық қауіпсіздік бастамасы тұжырымдамсын жүзеге асыру аясында өтпек. Бұдан бөлек, Қытай әскерилерді алмасу бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесіне басымдық бермек. «Бейжің терроризмге қарсы, киберқауіпсіздік және биоқауіпсіздік саласындағы қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін алмасу және ынтымақтастық негізінде халықаралық платформалар жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр», - делінген құжатта.

0 пікір
Мұрағат