Қытай 2020 жылы химиялық тыңайтқыштан бас тартпақ
Қытай 2020 жылы химиялық тыңайтқыштан бас тартпақ
9 жыл бұрын 3278

Baq.kz ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Қытай 2020 жылы химиялық тыңайтқыш пен арамшөпті, өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препараттардан бас тартуға келісім беріп отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Би Мэйцзя мәлім етті.

Министрліктің айтуынша қазіргі күні Қытайдағы егістік жерлерінің 70%-ы құнарсыз болып келеді. Химиялық тыңайтқыштарды артық мөлшерде пайдалана беру аграрлық сектордағы экологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Сондай-ақ егістікті жердің 40%-нан астамы өте құнсыз екендігі анықталған. Аталған себеп пен салдардың кесірінен жер асты суларының ластануы негізгі проблемалардың бірі болып отыр.
Енді Қытай ауыл шаруашылық министрлігі бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін кешенді жұмыстар жүргізбекші. «Топырақтүзуші факторлар мен топырақтүзілімдік үрдістерді есепке ала отырып жерді құнарландыру маңызды.Топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру басты назарда болады» дейді министр Би Мэйцзя.

Ая ӨМІРТАЙ

0 пікір
Мұрағат