Қырым татарлары аштық жариялады
Қырым татарлары аштық жариялады
7 жыл бұрын 3548 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Симферопол қаласындағы Стрелковая тұрғын үй ауданында орын тепкен мешіттің сүрілуіне наразы бірнеше ондаған қырым татарлары аштық жариялады. Аталмыш мұсылмандар құлшылық үйінің орнына «Қырым раушаны» деп аталатын, 9 мың пәтерден тұратын тұрғын үй кешені салынбақ. Бастапқыда Стрелковая бос жатқан жер болғандықтан қырым татарлары иемденіп, өздерінің күшімен мешіт тұрғызған көрінеді. Кейін аталған аудандағы тұрғын үйлерді заңдастыру жүргізгенімен мешітке келгенде Ресей басып алғандықтан бұл іс аяқсыз қалса керек. Ақпан айының бас кезінде «Қырым раушаны» ықшам ауданын салатын фирма директоры Валерий Семененко аталған аудандағы заңсыз салынған ғимараттардың барлығы сүрілетінін жария еткен еді. Соның ішінде мешіт те бар. Оның бұл шешіміне Қырым татарларының ұлттық қозғалысының ардагері Фазыл Ибраимов ақсақал бастаған бірнеше ондаған адам аштық жариялады. Мешітті сүруге наразылықтарын білдіріп. Ол, тіпті, бұл мәселені шешу үшін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеспек те болған. Алайда, жерге қатысты алаяқтық жасады деген желеумен оны тергеуге алып, абақтыға да жапқан еді. Оның аштық жариялау турасындағы наразылық акциясына өзге татарлар да қосылып қолдау білдіріп отыр. Қазіргі уақытта олар жергілікті имамның үйінде ашығып жатыр. Қырым мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Зера Емірсүйін хабарлағандай, аталған басқарма өкілдері, құрылысты жүргізетін фирма жетекшілері және Қырым үкіметінің мүшелері бұл мәселе жөнінде келіссөз жүргізген көрінеді. Мешітті сүру үшін оның заңсыздығын желеу ету «жеткілікті» себеп емес.

0 пікір
Мұрағат