Қырғызстанда"Такафул" исламдық сақтандыру жүйесі енгізілуде
Қырғызстанда"Такафул" исламдық сақтандыру жүйесі енгізілуде
1 ай бұрын 1085 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасының жогорку кенештің (жоғарғы кеңес) әлеуметтік саясат комитеті бірінші оқылымда елде "Такафул" исламдық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізетін "сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы" заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Такафул" азаматтардың этикалық және діни нормаларына сәйкес келетін өзара көмек және қандай да бір жобаға қатысушылар арасындағы тәуекелдерді (қатерді) бөлу (бөлісіп көтеру) принциптеріне негізделген. Сақтандырудың осы түрін енгізу өз кезегінде қаржылық қызметтер спектрін кеңейтеді және финтех саласында балама шешімдер ұсынады. Аталмыш заң, сонымен қатар, сақтандыру ұйымдарын қайта құруды және таратуды реттейтін тетіктерді қарастырады және сақтандырудың жаңа түрлерін, соның ішінде уақытша және аннуитетті енгізеді. Бұл қадам процестерді жеңілдетуге және сақтандыру секторының тиімділігін арттыруға бағытталған. 

0 пікір
Мұрағат