Қырғызстанда мектепте хижабқа салынған тыйымды алып тастауы мүмкін
Қырғызстанда мектепте хижабқа салынған тыйымды алып тастауы мүмкін
4 жыл бұрын 2607 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның білім беру министрлігі мен Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бұрын енгізілген жалпы білім беретін мектеп қабырғасында шариғат шәлісін жамылып жүруге салынған тыйымның күшін жою керек деп есептейді. Бұл жайында islam.ru порталы REGNUM ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Сол себепті, білім беру жүйесі орамал таққан мектеп оқушыларының құқығын қамтамасыз етуі тиіс»,- деп айтылған аталған мекемелердің бірлескен мәлімдемесінде. Осы орайда Қырғызстанда тәуелсіздік алған жылдан бері мешіттер саны 70 есеге көбейгенін айта кету керек: 1991 жылы 39 мешіт болса, 2019 жылы мұсылмандардың құлшылық үйінің қарасы 2688-ге жеткен. Сондай-ақ, аталмыш республика аумағында 12 ислами жоғарғы оқу орны мен 131 медресе жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат