Қырғызстанда криптобанк ашылуы мүмкін
Қырғызстанда криптобанк ашылуы мүмкін
Кеше 321 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғыз билігі виртуалды актив бойынша клиенттеріне қызмет көрсететін мекеме – криптобанк  ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізіліп, тиісті заң жобасы Жогорку Кенеш заң шығарушы органына жөнелтіледі. Орта Азияда алғашқы, ал күллі әлемде сирек криптобанкке қатысты аталмыш заң жобасын қырғыз елінің министрлер кабинеті, дәлірегі, республиканың экономика және коммерция министрлігі әзірледі. Осылайша криптобанк өз кезегінде азаматтар мен бизнестің цифрлы активтермен жұмысын немесе операцияларын қауіпсіз ететін, реттейтін платформаға айналуы тиіс. Бұл тарапта заң жобасында көзделген ережеге сәйкес криптобанк лицензия негізінде бірқатар опреацияларды атқарады. Атап айтқанда:

  • Цифрлы актив түріндегі қаржыны тарту;
  • Криптошот ашу және жүргізу;
  • Клиенттердің тапсырмасы бойынша есеп айырысу және төлемді жұзеге асыру;
  • Шетелдік валюталармен және асыл тастармен операциялар;
  • Факторинг, форфейтинг және цифрлы активтер негізінде өзге де несие қызметтерін жүргізу;
  • Электронды төлем жүйелерін пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтер үшін төлем операцияларын жүргізу.

Бұлардан бөлек, криптобанктерге туынды қаржы құралдарымен (негізгі активке қатысты тараптар (әдетте сатушы мен сатып алушы) арасында жасалатын шарттар) жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін және қаржылық операцияларды өңдеу әрі клирингтік қызмет көрсететін болады. Осы орайда Қырғызстанда электронды ақшаның өрісі кеңейіп келе  жатқанын айта кетпекпіз.

Қосымша дерек: әлемде криптобанк саны жағынан Америка құрама штаттары көш бастап тұр: Одан кейінгі орыннан Канада көрінген. Алғашқы үштік құрамын Австралия аяқтаған.

0 пікір
Мұрағат