Қырғызстанда балгерлер мен көріпкерлер қызметінің жарнамасына заңмен тыйым салу туралы ұсыныс айтылды
|
Қырғыз республикасының жогорку кенеш (жоғарғы кеңес) депутаты Марлен Маматалиев оккультты қызметтердің насихаты мен жарнамасына заң жүзінде тыйым салуды бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыз депутатының айтуынша, адам қиын жағдайға тап болғанда немесе дағдарғанда көп ісіне есеп бере алмайды, дәлірегі, алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатады, соның ішінде басындағы қиындықты еңсеруге уәде берген балгерлерге жүгініп жатады. Осылай деген ол қолданыстағы заңнамада оккультты қызмет жарнамасына тыйым салатын норма жоғын еске салып өтті. Сөзінің соңында түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, әлеуметтік желіде, т.б. балгерлікке жол берілмеуі тиістігін атап өтті.