Қырғызстанда 39 мешіт пен 21 медресе жабылды
Қырғызстанда 39 мешіт пен 21 медресе жабылды
1 жыл бұрын 1384 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: spencerpa440

Ош облысында 39 мешіт пен 21 медресе жабылды. Құрылыс-сәулет талаптарына сәйкес келмегені үшін әрі діни білім берудің бірыңғай стандарты болмағаны үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекеттік комитетіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, Ош облысында 39 діни айыппұл салынып, христиандық бағыттағы 18 діни нысанның қызметі тексерілді. Атап өткендей, сәулет-құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескермей, діни нысандардың ретсіз салынуы, сондай-ақ, діни білім беру ұйымдарында білім берудің бірыңғай стандарттарының болмауы діни ахуалға теріс әсер ететін және аймақта радикалды-экстремистік идеологияның таралуына ықпал ететін негізгі факторларға айналған. Діни нысандарды тексеретін топтың құрамында арнайы қызмет, полиция, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық билік және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері болды.

0 пікір
Мұрағат