Қырғызстан мемлекеттік тіркеусіз діни некеге тыйым салмақшы
|
KAZINFORM — Сонымен қатар, 18 жасқа толғаннан кейін неке қиылатын «неке жасын» белгілеу жоспарланды.
Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі некені мемлекеттік тіркеусіз діни неке қию рәсімін өткізу үшін жауапкершілік орнатуды ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Заң жобасына сәйкес, тыйым салуды бұзу жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (10 мың сом) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Түзетулер кейбір жағдайларда 17 жастан бастап некеге тұруға мүмкіндік беретін норманы жоюды ұсынады.
Қазақстанда тек уәкілетті органдар қиған неке ғана (ерлі-зайыптылық) заңды деп танылады. Діни рәсімдер заңды міндеттер туғызбайды және мемлекет мойындамайды.
Біріккен Араб Әмірліктерінде некеге тұру алдында міндетті генетикалық тестілеу енгізілгені бұған дейін хабарланған болатын.
Еркежан Смағұлова