Қырғызстан Дін басқармасы ұстаздардың балаларды ұруына қатысты пікір білдірді (видео)
Қырғызстан Дін басқармасы ұстаздардың балаларды ұруына қатысты пікір білдірді (видео)
7 жыл бұрын 4101

Қырғызстан Мұсылмандар Діни басқармасының өкілдері медресе тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде алған дене жарақаттарына қатысты пікір білдірді. Балалар телефондары болмағандықтан, көпке дейін жақындарымен сөйлесе алмаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап. 

Call-орталыққа 2017 жылдың жаз айында түсірілген видео келіп түсті. Видеодан Баткен облысы Кадамджай ауданындағы медресе тәрбиеленушілерінің денелеріндегі жарақаттарын көрсетіп жатқан сәтті көруге болады. Балалардың айтуынша, оларды медресе ұстаздары ұрған. Видео авторы балалардан бұл туралы неге ата-аналарына хабар бермей отырғандарын сұрайды. Ал балалар өз кезектерінде жақындарына хабарласу үшін қолдарында телефон жоқ екенін айтады.

Желіде тараған бұл видеодан кейін Kaktus.media редакциясы мән-жайды анықтау мақсатында ҚМДБ өкілдеріне хабарласты.

«Көп уақыт бұрын осы мәселеге қатысты шағым келіп түскен болатын. Біз сол кезде тиісті шараларды бірден қолға алдық. Медресе директоры сөгіс естіді, ал кінәлілер жұмыстан қуылды. Бұл бір рет қана болған жағдай. Бірақ, Қырғызстандағы барлық медресе қызметкері ескерту алды», - деп жауап берді ҚМДБ өкілі.

0 пікір
Мұрағат