Қырғыздар веб-индустриясына тыйым салды
Қырғыздар веб-индустриясына тыйым салды
5 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Дмитрий Ермаков / «Лента.ру

Қырғызстанда ресми түрде веб индустриясына тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы «Sputnik Кыргызстан» ақпарат көзінің Telegram әлеуметтік желісінің арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вебшілдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға республика президенті Садыр Жапаров қол қойды. Аталмыш заңда веб студияларын ұйымдастырғандрға, тікелей эфирге жәрдемдескендерге және жүргізгендерге тиісті жазалар белгіленген. Мұндай студияларды ұйымдастырушыларға 100-ден 300 мың сомға дейін айыппұл салынады немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Веб-камерамен айналысқан қыздарға 10 мың сом көлемінде айыппұл салынады. Бұған дейін веб индустриясының көрігін қыздырғандарды  қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңды Қырғызстан парламентінің депутаты Нұрланбек Азығалиев ұсынған болатын. Оның айтуынша, ел аумағында интернет арқылы жезөкшелік кең етек алған, сондықтан онымен күресу үшін пәрменді шара қабылдануы керек.

0 пікір
Мұрағат