Қырғыздар шетелдік инвесторлар үшін арнайы визалық режим енгізеді
Қырғыздар шетелдік инвесторлар үшін арнайы визалық режим енгізеді
2 жыл бұрын 1540 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан парламенті ел экономикасына серпін беруі үшін шетелдік инвесторлар үшін айтарлықтай оңайлатылған визалық режим қарастырылған заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш республиканың жоғарғы заң шығарушы органының баспасөз қызметін жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Жогорку Кенеш (Жоғарғы Кеңес) «Сыртқы көші-қон туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда қарап, қабылдады. Заң жобасында инвестицияланған сомалардың градациясы ұсынылған, оған сәйкес кемінде 10 миллион сом (117,6 мың АҚШ доллары) инвестициясы бар шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам 5 жылға виза алуға құқылы», - делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қырғызстан экономикасына 20 миллион сом (шамамен 235 мың доллар) инвестиция салса, ол 10 жыл мерзімге виза ала алады. Қазіргі уақытта шетел азаматтары үшін Қырғызстан визасының максималды жарамдылық мерзімі - бір жыл.

0 пікір
Мұрағат