|
Қырғыздар кісі қайтқанда қаралы үйге мал союға тыйым салды
|
Қырғыз мүфтияты марқұмды жерлеудің жөн-жоралғысын реттейтін пәтуасын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы vesti.kg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, кісі қайтқан күннен үш тәулікке дейін қара жамылған үйге мал сойып, көңіл айтып келгендерге дастархан жаюға; марқұмның отыз, қырық, елу күндігінде және жылдық асында мал союға; ысыраптың алдын алу мақсатында жыртыс жыртуға, тәбәрік таратуға; сондай-ақ, марқұмның басын қарайтқанда мәрмәрдан, граниттен, металдан ескерткіш тақтасын, мүсін соғуға тыйым салынды. Осы орайда Қырғыз республикасының министрлер кабинеті ысыраптың алдын алу мақсатында марқұмды ақтық сапарға шығарып салуда қолданылатын басы артық жөн-жоралғыларға тыйым салуды қарастыратын әрі жерлеу тәртібі белгіленген қаулы қабылдағанын айта кетпекпіз.