Қырғыздар энергетикалық сусындар жарнамасына тыйым салды
Қырғыздар энергетикалық сусындар жарнамасына тыйым салды
1 жыл бұрын 1551 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Mehaniq41

Қырғызстанда энергетикалық сусындар жарнамасына тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің экономика және коммерция министрлігіне жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайшы қырғыз билігі энергетикалық сусындардың азаматтар денсаулығына зиянын ескере отырып, «Жарнама туралы» заңға өзгертулер енгізді. «Энергетикалық сусындарға құрамында кофеин, гуарана, таурин және женшенді қоса алғанда «ынталандыратын компоненттері» бар сусындар кіреді. «Кейбір энергетикалық сусындардың бір порциясында 100 мг кофеин бар, бұл көрсеткіш кәдімгі кофеден 8 есе көп. Сусын ішкен кезде қандағы қанттың және қан қысымының көтерілу қаупі бар, әсіресе, кәмелетке толмағандар үшін қауіпті», - деп айтылған хабарламада.

0 пікір
Мұрағат