Қырғыздар ел аумағындағы қазбалы байлықты игеруге шетелдіктерді жолатпайтын болды
Қырғыздар ел аумағындағы қазбалы байлықты игеруге шетелдіктерді жолатпайтын болды
2 жыл бұрын 1751 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан билігі ел аумағындағы қазбалы ресурстарды игеруге, өндіруге шетелдік компанияларды жолатпайтын болды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, республикада өтіп жатқан Халық құрылтайының алғашқы жиынында Қырғыз президенті Садыр Жапаров осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жер қойнауындағы ресурс отандық экономиканы дамытуға қызмет етуі үшін мемлекет барлық кен орындарын өз күшімен игеретін болады. Садыр Жапаров «халық меншігі» болып табылатын кен орындарын  мемлекеттің игеруіне қатысты құқықтық актілер қабылданғанын хабарлады. Ол жер қойнауын пайдалану саласы қатаң бақылауға алынғанын жеткізді. Өткен жылы Қырғызстанның барлау органдары Орталық Азия аймағындағы ең ірі Құмтор алтын кенішін игеріп жатқан канадалық инвесторлар Cameco және Centerra Gold Inc. компанияларын жемқорлықпен айыптаған болатын. Артынша «Центеррамен» бітімгершілік келісімге қол жеткізіліп, Құмтөр кеніші мемлекет меншігіне өткен еді.

 

0 пікір
Мұрағат