Қырғыздар екіұдай күйде...
Қырғыздар екіұдай күйде...
5 жыл бұрын 3188 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Улуу Кыргызстан» (Ұлы Қырғызстан) партиясы мен «Кыргыз Эл» (Қырғыз елі) қоғамдық бірлестігінің өкілдері 25 мың қол жинады – «Балаларды олардың денсаулығына немесе дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы» заң жобасына қолдау білдіріп. Бұл жайында «Kaktus.media» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш заң жобасында интернет-контентке міндетті жас белгісіне қарай шектеу жүйесін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, балалардың денсаулығына кері әсер ететін немесе олардың дамуына теріс ықпалын тигізетін ақпараттарға мемлекеттік бақылау орнату да көзделіп отыр. Яғни, балалардың жасына қарай интернетті пайдалануға шектеу қоюға кейбір белсенділер қарсы шығуда. Олардың уәжі бойынша бұл заң ақпаратқа қол жеткізуді қиындатып, бұқаралық ақпарат құралындағы сөз бостандығын шектеуі мүмкін. «Отбасы құндылығын немесе ата-анаға құрмет көрсетуді жоққа шығаратын ақпаратқа қандай өнімдер жатқызылатыны түсініксіз. Қырғызстан азаматтарын түрлі ұлт өкілдері құрайтынын ескеру керек. Оларда отбасы құндылығы туралы түсінігі өзге болуы мүмкін»,- деді «Әділет» құқықтық клиникасының заңгері.

Қырғыз парламентінің депутаты Кубанычбек Жумалиев елдегі жағымсыз жаңалықтарды жарияламау туралы бастама көтерді. Осылайша Біріккен араб әмірлігінің тәжірибесін қолданысқа енгізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына цензура орнатпақ. Бұл жайында айыр қалпақты ағайындардың Tazabek атты ақпарат құралы хабар таратты. Депутаттың айтуынша, республиканың атына кір, абыроайына нұқсан келтіретін, яғни, имиджін түсіретін ақпараттарға тосқауыл қою керек. Соның ішінде, төтенше жағдайлар мен түрлі жанжалдар туралы ақпараттарға. Бұл шара, депутаттың ойынша, ел экономикасына қаржы тартатын инвесторларды «үркітпейді».

0 пікір
Мұрағат