Қырғыздар да бетті тұмшалайтын киім мен адамның жүзін тануға кедергі келтіретіндей етіп сақал өсіруге тыйым салуы мүмкін
Қырғыздар да бетті тұмшалайтын киім мен адамның жүзін тануға кедергі келтіретіндей етіп сақал өсіруге тыйым салуы мүмкін
1 жыл бұрын 1011 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Lelia_Milaya

Қырғыз республикасының парламенті қауіпсіздікті күшейту үшін адамның бетін тұмшалайтын киім мен адамды тануға кедергі келтіретіндей етіп сақал өсіруге тыйым салу қарастырылған заң жобасын қоғам талқысына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті заң жобасы республиканың Жогорку Кенешінің (Жоғарғы Кеңесінің) ресми сайтында жарияланған. «Қырғыз Республикасының құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда адамның жеке тұлғасын анықтауды шектейтін паранжа киюге жол бермеу және алдын алу мақсатында әзірленген. Бұл заң жобасының мақсаты – елдегі адамның жеке басын анықтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деп айтылған заң жобасында. Мұндай тыйым адамның жүзін толық жауып тұратын сақал өсірушілерге де қатысты. «Ұсыныс адамның жеке басын анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың қоғамдық орындарда киімі мен сыртқы түрін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерге қатысты. Мұндай заңдар адам құқықтарының негізгі қағидаттарын, соның ішінде жеке өмірге қол сұқпау мен жеке бас бостандығын сақтау құқығын сақтауы тиіс екенін ескеру маңызды», - делінген құжатта. Сондай-ақ, ел қалаларының көшелерінде орнатылған заманауи камералардың адамның жеке басын анықтауға тұмшаланған бет-әлпеттің кедергі келтіретіні айтылған.

0 пікір
Мұрағат