Қырғыздар әлемжелідегі жалған ақпарат үшін жазаны күшейтеді
Қырғыздар әлемжелідегі жалған ақпарат үшін жазаны күшейтеді
3 ай бұрын 535 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан үкіметі немесе қырғыз билігі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат таратқаны үшін жергілікті өлшем бойынша орасан айыппұл салуды ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қырғыздардың мәдениет министрлігі тарапынан осындай бастама көтерілген. Аталған құзыретті орган әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл бағыттағы түзетулер қоғамдық кеңістікте (БАҚ, сайттар, әлеуметтік желілер) жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға 100 мың сом (1,1 мың доллар) көлемінде айыппұл салуды ұйғарады. Заңды тұлғалар үшін айыппұл екі есе көп болады.  Мәдениет министрлігі азаматтардың мүдделерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді алға тартты. Лауазымды тұлғалардың пікірінше, жалған ақпараттың салдары сұмдық - елде дүрбелең тудырып, сондай-ақ, биліктің беделін түсіруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат