Қырғыз билігі құрылыс саласына аса ірі «ислами» капиталды тартты
|
Ислам даму банкі Қырғызстанда жалпы аумағы 112 мың шаршы метрді құрайтын мемлекеттік ипотекалық тұрғын үй құрылысына 79 миллион доллар бөледі. Бұл жайында islam.kz порталы Tazabek ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қырғыз республикасының халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік жөніндегі және көші-қон комитеті сәуір айында қол қойылған «Қырғыз Республикасы мен Ислам даму банкі арасындағы «Арзан тұрғын үйді шариғат стандарттары бойынша қаржыландыру» жобасы аясында қарыз туралы келісімдерді ратификациялау туралы» заң жобасын қарастырып, бірінші оқылымда мақұлдады. Сауд Арабиясының астанасы Ер-Рияд қаласында. Мемлекеттік инвестициялар комитеті басқарма төрағасының орынбасары Нұрәділ Баясов: «ГИК» ашық акционерлік қоғамы тартылған қаржы ресурстарының операторы болады, жер телімдерін береді және Қырғыз Республикасының азаматтары үшін кейіннен сатып алу арқылы жалға беру үшін елдің барлық өңірінде арзан тұрғын үй құрылысын, сондай-ақ, қаржыландырудың исламдық қағидаттары бойынша ипотеканы беруді қаржыландырады», - деп хабарлады.