Қырғыз билігі мешіттер мен шіркеулер санын шектеуді көздеп отыр
|

Қырғызстан үкіметі ел аумағындағы мешіттер мен шіркеулер санын шектеудіжоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Курсив» ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай аталған ел билігі жаңа ғибадат ғимараттарын тұрғызудың ережесін әзірлейтін әрі қабылдайтын болады. Аталмыш жобаны қоғамның талқысына ұсынды. Қырғызстан республикасының дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, міне, төртінші жыл қатарынан бұрын салынған, алайда., әлі тіркелмеген діни насындарды тіркеуден өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында тиісті орындарға тіркелмеген ел аумағынан 650 мешіт пен шіркеудің жұмыс істеп келгені анықталған. Қырғыздардың министрлер кабинеті діни нысандардың құрылысын жобалағанда екі нәрсені ескеру керектігін алға тартып отыр: діни нысандар салынатын ауылдар арасындағы арақашықтық кем дегенде екі шақырым, муниципалды аумақта – кем дегенде 3 шақырым, ал қалалық жерлерде – кем дегенде 4 шақырым болуы тиіс. Бұл қашықтық сақталмай, бір-біріне жақын жерден ғибадат ғимаратының салынуына жоь берілмейді. Егер бұл бағыттағы ереже қабылданып жатса, оның талаптары бұрын тұрғызылған ғибадат ғимараттарына жүрмейді.




