Қымбат тауарларды сатып алғандарға салық салынады. Бұл салықтан түскен қаражат қайда жұмсалады?
Қымбат тауарларды сатып алғандарға салық салынады. Бұл салықтан түскен қаражат қайда жұмсалады?
5 жыл бұрын 2500 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі құны 20 мың доллардан асатын тауар (мәселен, автокөлік) сатып алғандарға қосымша салық салатын болды. Бұл жайында аталмыш ел президентінің «Өзбекстанның нормативті-құқықтық құжат жобаларын талқылау» порталында жарияланған қаулы жобасында айтылған. Бұл салықтан түскен қаражат онкогематологиялық және өзге де емделуі қиын аурулардың алдын алуға, дигностикасына, еміне жұмсалады. Осы бастама аясында арнайы қор құрылады. Бұдан бөлек, көп пәтерлі тұрғын үйден аумағы 200 шаршы метрден асатын пәтер сатып алғандарға, сондай-ақ, жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын ерүй сатып алғандарға да әлгіндей салық салынады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Өзбекстанда обыр дертіне шалдыққандар қарасы 100 мыңнан асып кеткен. Жыл сайын бұл көрсеткіш 20 мың адамға толығып отырады.

0 пікір
Мұрағат