Қылмысы өте төмен елде қылмыстың бір-ақ түрі жиі жасалады
|
Финляндия қай жағынан алып қарасаңыз да тек кәрі құрлықта ғана емес, сонымен қатар, әлем бойынша көшбасшы елге айналған санаулы мемлекеттердің бірі. Әлеуметтік-экономикалық, жоғары технологиялық, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. барлық салада толағай табысқа, үлкен жетістіктерге жеткен. Алайда, бұл елде де кейінгі кезде мигранттарға, дәлірегі, дамушы елдерден, соғыс өртінен бас сауғалаған мұсылман босқындарға қарсы қастандықтар мен басқа да қылмыс түрлері өршіп барады. Тарқатып айтқанда, аталған шағын елдегі мұсылмандар діни әрі нәсілдік кемсітушілікке жиі ұшырайды. Әсіресе, шариғат шәлісін жамылған әйелдер исламофобтар тарапынан жөнсіз қысым көріп келеді. Яғни, қылмыс көрсеткіші ең төмен елде осындай себептермен, дәлірегі, астарында діни кемсітушілік жатқан қылмыс өршіп барады. Yle ақпарат көзінің хабарына қарағанда, 2014-2015 жылдар аралығында, яғни, аз уақыт ішінде аталған елдегі бір ғана Суоми елді-мекенінде мұсылмандарға қарсы қылмыс екі есеге өсіп кеткен. Соңғы өңделген, тексерілген статистикалық мәлімет бойынша 2015 жылы ел астанасы - Хельсинкі қаласында 100 мың адамға шаққанда 45,7 исламофобиялық негіздегі қылмыс жасалған. Ал жалпы тұтас ел аумағында осы жылы мұсылмандарға қарсы 1250 қылмыс жасалған. Олардың дені мұсылмандарға қарсы жасалған қылмыс ретінде тіркелген. Нақтырақ айтқанда, жалпы қылмыс санына шаққанда жиырма пайызын құрайды екен.