Қылмыстық кодекс жаңа қылмыс түрімен толығып, тағы бір қылмыстық ұғым пайда болды
Қылмыстық кодекс жаңа қылмыс түрімен толығып, тағы бір қылмыстық ұғым пайда болды
4 жыл бұрын 2599 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Францияда бұдан былай әуежай аумағын кеңейтуге, ашық алаңда жылытушы қондырғыларын қоюға, тауарларға арналған полиэтилді пакетті бірігіп пайдалануға тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы platon.asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, Францияның қылмыстық кодексі «экоцид» деп аталатын жаңа қылмыс түрімен толықты. Яғни, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, ауа мен суды және топырақты қасақана ластағандар аталған қылмыс түрі бойынша жауапкершілікке тартылып, жазаға кесіледі. Аталмыш заң жобасы Сенат тарапынан мақұлдануы тиіс. Аталған ел парламентінің жоғарғы палатасында бұл заң жобасына маусым айында дауыс беретін болады. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын Франциядағы Гринпис (Greenpeace — «Жасыл әлем») ұйымының бас директоры Жан-Франсуа Жюлиар аталмыш заңның 2030 жылға қарай парникті газдың атмосфераға бөлінуін 40 пайызға кемітуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат