Қылмыстың жаңа түрі мойындалды әрі жаза тағайындалды
Қылмыстың жаңа түрі мойындалды әрі жаза тағайындалды
6 жыл бұрын 3948 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ конгресінің сенаты тобырдың қолымен жүзеге асырылатын, кінәліні қандай да бір қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сотсыз әрі тергеусіз өлтіруді қылмыс ретінде танитын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Әдетте аталған елде мұндай жолмен жазалау "Линча соты" деп аталады. "Линча соты" - тәуелсіздік үшін соғыста аты шыққан америкалық сот Чарльз Линчаның құрметіне аталған. Мұндай сот тәжірибесі қоғамды түгел тәртіпке салу мүмкін болмағандықтан қолға алынып, қолданысқа енген еді. Ендігі жерде аталған ел аумағында линчтік сот федералды деңгейде қарастырылатын әрі іс қозғалатын қылмыс саналады. Сенаторлар мақұлдаған заң жобасы негізінде. Сөз орайы келгенде қарт тарихқы сәл шегініс жасай кеткен артық болмайды: 1882-1968 жылдар аралығында АҚШ аумағында "Линча соты" бойынша кем дегенде 4742 адам өлтірілген. Мұндай сотқа қатысқан, өзгенің қанын мойнына жүктеген қылмыскерлердің 99 пайызы жауапкершіліктен жалтарып, жазадан сытылып кеткен болатын. Өйткені, олар заңмен қудаланған жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, "Линча сотына" тыйым салатын алғашқы заң жобасы осыдан 100 жыл бұрын қарастырылған еді, алайда, сенат мақұлдамаған болатын. 

0 пікір
Мұрағат