Қылмысты әшкерелесең, қылмыстық жауапкершілікке тартыласың
Қылмысты әшкерелесең, қылмыстық жауапкершілікке тартыласың
7 жыл бұрын 4046 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил парламенті, дәлірегі, Кнессет депутаттары қызмет бабында жүрген немесе қызмет барысындағы қауіпсіздік күштерінің сапындағы сарбаздарды таспаға тартып алуға тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатыр. Таяу Шығыс аймағындағы ең демократиялы ел атанған Израил билігі мұндай қадамға жуырда орын алған палестиналықтар шеруі кезінде арнайы жасақтың қолынан мерт болғандарды таспаға тартып алып, күллі әлемге өздерінің қылмысын әшкере еткендердің әрекетіне тосқауыл қою мақсатында барып отыр. Былайша айтқанда, әлем қауымдастығынан қылмысын бүркеу үшін қылмысты заңдастыратын заң қабылдағалы отыр. Аталмыш заң жобасының шикілігі мен саяси қателігі сонда - израилдік сарбазды қызмет барысында таспаға тартып алып, оны бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіге жариялағандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады, егер "ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін" жазбалар мен фотлар немесе видеоларды жарияласа, он жылға дейін абақтыға қамалады. Бұл заң жобасы демократияның басты принципіне, дәлірегі, сөз бостандығын шектейды.

0 пікір
Мұрағат