Қылмыскерлерді елсіз аралға көшірмек
Қылмыскерлерді елсіз аралға көшірмек
6 жыл бұрын 3524 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дания билігі заң бұзған әрі осыған байланысты елден қуылуы тиіс мигранттарды ел астанасы - Копенгаген қаласынан оңтүстікке қарай 80 шақырым қашық жатқан Линдхольм елсіз аралына апарып тастау туралы ұысынысты қарастырып жатыр. Иен аралда қылмыскер мигранттар елден шығарылғанша бола тұрады. Осыған байланысты аталмыш аралда арнайы орталық құрылмақ. "Депортациялық орталық ашылады. Онда олардың жағдайы жасалады, бірақ, қоғамнан оқшау ұсталады",- деді Politiken мерзімді басылымына сұхбат берген аталмыш елдің қаржы министрі Кристиан Енсен. Мұндай ұсыныс соңғы уақытта келімсек мигранттардың қолымен жасалған қылмыстардың көбеюіне байланысты айтылған болатын. Егер Линдхольмды заң бұзған мигранттарды уақытша ұстау орталығына айналатын болса, онда аралдағы құтыру, африкалық оба, т.б. аса қауіпті әрі жұқпалы індеттердің қоздырғышы бар ветеринарлық институты пайдаланылатын болады. Дания билігі Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі конвенция талаптарын орындап отырған ел. Соған қарамастан, елге ағылған мигранттар қарасының азайғанына қарамастан мигранттар арасынан қылмыскерлер көптеп шыға бастаған. 

0 пікір
Мұрағат