Қылмыскерді ұстап бергендерді жарылқайтын заң қабылданды
Қылмыскерді ұстап бергендерді жарылқайтын заң қабылданды
6 жыл бұрын 2493 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы заң жобасы қабылданды. Яғни, қылмысты ашуға немесе кінәлілерді ұстап беруге көмектескендер бірнеше миллион рублге дейін сыйақы алатын болды. Аталған елдің ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрығы жарық көрді. Тамыз айының 27-і күні. Қылмысты болдырмауға бағытталған көтермелеу ақысы үшін 50 мыңнан 10 млн рублге дейін берілуі мүмкін. 500 мыңға дейінгі рубл сыйақыны аймақтық ІІМ органы тағайындайды. Ал 3 млн-ға дейінгі мөлшерді аталған елдің ішкі істер министрінің орынбасары, ал 3 млн-нан жоғарғы мөлшерді министрдің өзі бекітеді. Сыйақы қылмыс туралы ақпарат берген адамға қолма-қол ақша түрінде немесе банктегі шотына аудару арқылы төленеді.Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы уақытқа дейін қылмыс туралы ақпарат бергендерге сыйақы тек өзгеше жағдайларда ғана беріліп келген болатын. Яғни, аса ауыр қылмыс жасағандарды ұстауға атсалысқан азаматтар ғана сыйақыға ие болатын. 

0 пікір
Мұрағат