Қылмыскерді ұлтымен, дінімен атауға тыйым салынды
Қылмыскерді ұлтымен, дінімен атауға тыйым салынды
3 жыл бұрын 1988 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл арада Ресей Федерациясының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» федералды заңының 4-ші бабына және РФ Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілетін түзету турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көпұлтты әрі көп конфессиялы қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық сақтауда мұндай заңның маңыздылығы жоғары. Ал көп ұлтты әрі коп конфессиялы РФ-да мұндай заңнаманың қабылдануына Жаңа Мәскеудегі Ресей қоғамын қойға шапқан қасқырдай дүрліктірген төбелес түрткі болып отыр. Әлбетте, қылмыс ұлт таңдамайды, арам ниеттілер ұлт пен дінді жамылып, мақсатына жетуге ұмтылатынын да ұмытпау керек. Жаңа Мәскеудегі төбелеске қатысқандардың барлығы да Ресей азаматы болғанымен шовинизм жетегіндегі бұқаралық ақпарат құралдары «Кавказдықтар» деп нұқып көрсеткендей болып, ұлттық алалаушылық пен алауыздыққа жол берген. Осы төбелесті желеу етіп, кавказдықтарды жеккөрінішті етіп көрсету пиғылына тосқауыл қою мақсатында әлгіндей түзету енгізілді заңнамаға.

0 пікір
Мұрағат