Құшағын ашқан мұсылманның қылығын париждіктер қалай қабылдады? (ВИДЕО)
Құшағын ашқан мұсылманның қылығын париждіктер қалай қабылдады? (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4376

Париж шаһарының қақ ортасында мұсылман жігіті Ислам дінінің жауыздығы жайлы қалыптасқан қате пікірлерді сейілту мақсатында арнайы акция өткізді. 13-қарашадағы қанды оқиғаға орай қала тұрғындарының қайғысын бөлісуге шақырған оның бұл әрекеті әлеуметтік желілерде қызу қолдау тапты.

Париждың бас алаңында мұсылман жігіті көзін таңып, достасқысы келгендерге құшағын ашқан. Ал, қасындағы тақтайшада: «Мен саған сенемін. Ал, сен ше? Ендеше, кел құшақта мені!» деп жазылған.

Аз ғана уақыт ішінде жас жігітті қоршап алғандардың қатары көбейе түскен. Жиналғандар жас жігіттің шынайылығына сүйсініп, оның бұл батыл қадамын жоғары бағалап жатты. Алдына келген адамның кім екенін білмесе де құшағын айқара ашқан мұсылман жігітінің пейілі кей жандардың көңілін босатып, көздеріне жас үйірді.

0 пікір
Мұрағат