Құрсақтағы шараналарды заңмен адам санатына қосу, құқығын қорғау бастамасы туралы
Құрсақтағы шараналарды заңмен адам санатына қосу, құқығын қорғау бастамасы туралы
6 жыл бұрын 3113 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлі жарық дүние есігін аша қоймаған құрсақтағы шараналарды РФ заңнамасы бойынша субьекті ретінде тану ұсынылуда. Мұндай ұсыныс мемлекеттік думаның түсік жасату мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының жиынында айтылды. Дәлірегі, оны айтқан - Мәскеу патриархы басқармасының құқықтық басқармасының жетекшісі игуменья Ксения (Чернега). Бұл жайында «Говорит Москва» ақпарат көзі хабар таратты. "Бала құқығы жөніндегі конвенцияда бала физикалық жағынан және ақыл-есі толыққанға дейін арнайы қорғауда және қамқорда болуы керектігі айтылған. Яғни, бала туғаннан кейін құқықтық жағынан қорғалады",- деді Ресей православ шіркеуінің өкілі. Неге шарана осылай қорғалмасқа? Тек аяғы ауыр әйелдің жүктілік денсаулығына қатерлі болған жағдайда ғана түсік жасатылуы керек. Қалған жағдайда ана құрсағындағы шарананың құқығы қорғалуы тиіс. Орынсыз себеппен түсік жасатқан аяғы ауыр әйел де, түсік жасаған адам да жауапкершілікке тартылуы тиіс. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылдың сәуір айында Белград облысына қарасты Көне Оскол тұрғынын түсік жасатуы үшін шіркеу қызметкеріне жөнелткен. Оның рұқсатынсыз түсік жасатудан бас тартатыны ескертілген болатын. Мұндай тәжірибе бізге де керек пе? 

0 пікір
Мұрағат