Құрма өндірісі бойынша 1-ші орындағы араб елі
Құрма өндірісі бойынша 1-ші орындағы араб елі
1 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр құрма өндіруден алдына мемлекет салмаған ел: жылына 2 млн тоннаға дейін өнім алады; ел аумағында шамамен 24 млн құрма ағашы өсіп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде пирамидалар елінің ауыл шаруашылығы және жер мелиорациясы министрлігінің жетекшісі Әла Парық келтірген дерекке жөн сілтеген Egypt Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Каир қаласында таяуда өткен құрма фестивалінде министр құрма сапасын көтеріп, экспорттқ әлеуетін арттыру бағытында жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді. Осылай деген ол елде құрманы өндірумен және қаптаумен айналысатын 200-ден аса кәсіпорын барын жеткізді. Мұндай кәсіпорындардың қатарында мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар бар. Бүгінде мысырлық құрма нарығы Еуропада, Азияда және Африка құрлығында кеңейіп келеді. Осы орайда Мысыр экономикасында маңызды рөл ойнайтын құрма индустриясын жандандыру үшін Біріккен Араб Әмірлігі 14 млн фунт (мысыр валютасы) және құны 12 млн мысырлық фунт тұратын Қарға құрма кешенін қайтта құрылымдауға инвестиция құйды. Бұдан бөлек, Бахария оазисінде 4000 тонна құрма сыятын тоңазытқыш қондырғысы орнатылды. Мысыр құрмасының экспорттық көрсеткіштерін талдаудан өткізе келе мысырлық құрманы ең көп импорттаған елдер белгілі болды: Саууд Арабиясы – 21494 тонна; одан кейінгі орында Ирак тұр – 5522 тонна; үшінші орынға БАӘ шыққан – 1721 тонна; төртінші оорыннан Либия көрінген – 1583 тонна; бесінші орынға Иордания жайғасқан – 620 тонна; алтыншы орынға Сирия табан тіреген – 204 тонна; жетінші орынға Судан иек артқан – 15 тонна.

0 пікір
Мұрағат