|
Құрбан айтты құрбан шалмай өткізу туралы акцияға тойтарыс берілді
|
Үндістандағы «Жануарларға сыпайы қарауды жақтайтын адамдар» (PETA) деп аталатын ұйымның белсенділері Азиядағы аса ірі мешіттердің бірінде мұсылмандарды Құрбан айтты құрбан шалмай өткізуге шақырып, акция өткізбек болды. Малды құрбандыққа шалуға қарсылық белгісі ретінде жаппай жасыл киінген олардың ақылға сыймайтын бұл үндеуі мұсылмандарға ерсі естілгені сондай, Бхопалдегі аңызға айналған Тәж-үл-Мәсжид мешітінің жамағаты бүйректен сирақ шығарғандардың бұл әрекетіне тойтарыс берді. Ағылшын және урду тілдерінде «Құрбан айтта бәрін бақытты қылыңдар. Құрбан шалмай өткізуге тырысыңдар» деп жазылған плакат ұстап, шырқын бұзған РЕТА белсенділерін тарату үшін тәртіп сақшылары көмекке келді. Бұл жайында Times of India ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)