Құраннан сүре мен хадисті цитатаға келтіргені үшін елден қуылды
Құраннан сүре мен хадисті цитатаға келтіргені үшін елден қуылды
3 жыл бұрын 1528 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франциядан Сен-Шамон мешітінің имамы мен оның отбасы қуылды. Әйелдің салиқалы болып, еріне бағыну турасындағы қасиетті Құран сүрелерінен және хадистерден цитата келтіргені үшін. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша секуляризм мен феминизмнің құрбаны болған 35 жастағы Ахмет Мәдиді «республиканың заң қағидаларына қайшы сөзі» үшін айыптаған.  Дәлірегі, Ахмет Мәди  уағыз кезінде Азхаб сүресінен әйелдерге қатысты үзінді келтіргені үшін жазықты болып отыр. Сондай-ақ, саңлақ сахаба, Пайғаммбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жақын серіктерінің бірі болған Әбу Хурайрадан риуаят етілген хадисты («Егер әйел кісі бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза тұтса және ар-намысын қорғап, күйеуіне бойұсынатын болса, онда оған: «Жұмаққа қалаған қақпасынан кір»,-деп айтылады» - akmechet.kz  дерек көзіндегі «Салиқалы әйелдің сипаты» материалынан алынды) айтқаны үшін де жазықты болған. Луар аймағының билігі имамды ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті жоққа шығарып,  «кемсітуші сөз айтты» деп айыптаған. Қазан айынан бері Францияда тұру ықтиярхатымен болған Мәдиді депортациялау туралы қаулы шығарылған. Ол, сондай-ақ, наурыз айының 29-нан бері әйелімен бірге Сент-Шамондағы үйінде мырза қамақта отырған.

0 пікір
Мұрағат