Құранға тіл тигізген губернатор екі жылға бас бостандығынан айырылды (фото)
Құранға тіл тигізген губернатор екі жылға бас бостандығынан айырылды (фото)
8 жыл бұрын 5553 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құранға тіл тигізді деп айыпталған Индонезия астанасы - Жакарта қаласының бұрынғы губернаторы Басук Чахай Пурнама кеше, яғни, мамыр айының 9-ы күні соттың үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, сот отырысы барысында прокурор айыпталушыға шартты түрде жаза тағайындауын ұсынған болатын. Алайда, сот төрағасы Двиарсо Буди Сантиарто қасиетті Құранға тіл тигізгенге нақты жаза тағайындады. Естеріңізге сала кетсек, Индонезияда мұсылмандардың сеніміне тіл тигізгендер және басқалай жолмен олардың сенімін қорлағандар заң бойынша жауапқа тартылып, бес жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Ал Басук Чахай Пурнамаға келсек, ол аталған елдегі этникалық қытай азшылығының өкілі әрі Жакарта қаласын басқарған тұңғыш мұсылман емес тұлға. Ол 2014 жылдан, яғни, экс губернатор Джоко Видодо Индонезияның президенті болып сайланған соң осынау лауазымды қызметті атқарған болатын. Пурнаманың губернаторлық мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталған еді. Өйткені, ол биыл сәуір айының 19-ы күні өткен сайлауда жеңіліс тапты. Айта кету керек, 2016 жылы жария болған бейнежазбада өз бетінше қасиетті Құранды түсіндірмек болғаны үшін айыпты деп табылды. Артынан осы әрекеті үшін кешірім сұрағанымен елдегі мұсылмандар наразылық білдіргеніне орай дәлірегі, 100 мыңнан аса мұсылман шеруге шыққанына байланысты қамауға алынды. 

0 пікір
Мұрағат